Түркістандағы жаңа баспаналардың сапасына түрлі пікірлер айтылып жатыр
Себебі қыс мезгілінде жылу құбырлары жарылып, әбірге түсетіндер көп. Пәтерін су алғандар да бар. Осы олқылықтардың орнын толтырып, кемшіліктерді тез арада жою үшін қала билігі екі жедел әрекет ету орталығын іске қосты. Онда баспананың сапасы, жылу мен газ, жарық, суға қатысты салаларға жауапты бір-бір маманнан отырады. «Олар тұрғындардың өтінішіне сай туындаған мәселелерді тез арада шешуге әрекет етеді», — дейді жауаптылар.
Ерғазы Әбдірахманұлы, қалалық Жылу мекемесінің директоры:
-Дәл қазір бізде -8 градус болатын болса баруы 70, кері қайтуы 60 болу керек. Бізде 80-де, кері қайту 70 болып тұр. Бұл жердегі 59 тұрғын үйдің 50-і нормативпен жылу алып отыр. Қалған үйлердің құрылысы біткеннен кейін оларда жылуға қосылады.