Тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына өту 17 облысымызда аяқталыпты
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Жиында апатты үйлер мәселесі де сөз болды. Былтыр тұруға жарамсыз деп танылған 114 нысан бұзылыпты. Мамандардың бағалауынша тағы мың жарым үйді сүру қажет. Ол 17 қалада алдағы алты жыл ішінде жүзеге асырылады. Өткір тұрған тағы бір мәселе кәріз жүйесі.
Еркебұлан Дауылбаев, ҚР ндустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:
- 2023-2028 жылдары аралығында кәріз құбырларын тазарту мен реканструкциялау жұмыстарын 68 қалада жүргізу көзделген. Нысандарды жаңғырту үшін халықаралық қаржы ұйымдары, республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тетіктері әзірленді. Бүгінгі күні үш жоба іске асырылуда.