Петропавл тұрғындары суға 30 млн теңге көлемінде қарыз
Сол себепті қаланы тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын коммуналдық төлем жасамағандармен күресті күшейтті. Қарызды өндіріп алу үшін істі сотқа жіберіп, пәтерлердің кәріз жүйесін бұғаттауға кірісті. Жауаптылар мұндай тәсіл өз нәтижесін береді деген пікірде.
Нұргүл Самалықова, сумен қамту кәсіпорнының бөлім басшысы:
- Ескерту беріліп, егер борышкер қарызын төлемесе, онда кәріз көтергішіне бітеуіш орнату арқылы су бұру қызметтерін ажыратамыз. Қазіргі уақытта қарызы бар тұтынушылар қала бойынша 554 мекенжай. Олардың қарыздары 30 млн теңгеге жуық.