Атырауда қант қызылшасын өңдейтін зауыт салынуы мүмкін
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, тәжірибе ретінде биыл 6 гектар аумаққа қант қызылшасы егіледі. Қанатқақты жоба жемісін берсе, инвестор тарту жұмыстары қолға алынбақ. Мамандар қант қызылшасын өсірудің егіншілер үшін қиындық тудырмайтынын айтады. Өйткені бұл көкөніс күтіп-баптауды аса қажет етпейді.
Тілек Әміров, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
-Қазірше Жайықтың екі жағына екі шаруашылықпен келісіп отырмыз. Қант қызылшасын егіп қарау. Ондағы мақсат қандай? Біздің жерімізде қант қызылшасының 1 гектарынан қанша өнім алуға болады? Оның өндірілген өнімі ішінде қанттың құрамы қандай болады? Анықтап келіп, инвесторларды тарту.