Еліміздегі әрбір бесінші балада артық салмақ бар
Әлемде 5 жасқа дейінгі 41 миллион бала семіздікке шалдыққан. Бұл проблема бізді де айналып өтпеді. Еліміздегі әрбір бесінші балада артық салмақ бар. Оның басым бөлігі қалалық жерде. Мамандардың айтуынша, бұл ауру түрі ойлау қабілетін төмендетіп, өмірге ұрпақ әкелуді тежейді.
Астаналық тұрғын, ұлының күн сайын артық салмақ қосып келетініне алаңдаулы. Бала аз қимылдап, қозғалысы бәсеңдеп, білім алуға деген қызығушылығы төмендеген.
Гүлнәр Қаракенеева, Астана тұрғыны:
-Балаларды диетологқа алып барамыз. Қазіргі тамақтарға байланысты, сырттан тамақ жегенді жақсы көреді. Салмақ жинап келе жатыр. Қадағалауға тырысамыз. Дәрігерлермен кеңесіп отырып.
Бұл бір ананың ғана проблемасы емес. Мәселен, Қостанай облысында артық салмағы бар балалардың үлесі 30% жуықтаған. Шығыс Қазақстанда да жағдай алаңдатарлық. Ақмола мен Павлодар облыстарында 25% жоғары.
Перизат Алтынбек, нутрициолог:
-Күнделікті баланың ұйқысы толық болса, жатар алдында 3 сағат бұрын тамақтанса. Түстен кейінгі уақытта қосымша жүктеме ретінде смартфоннан көңілі бөлінетіндей қосымша үйірмелерге берілсе, бала іс-қимыл жасаудың арқасында ішкен тағамның артық май жиналмауына алып келеді.
Мамандардың айтуынша, балалардың дұрыс тамақтануына балабақша мен мектеп асханалары да жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сондықтан оқу-ағарту министрлігі оқу ордаларындағы ас мәзірін қайта өзгертуге ниетті.
Бейбігүл Сабырова, асхананың меңгерушісі:
-Әр аптада жеке-жеке меню болады. Бірінші потокта келгендер ботқа, жемістер, шай мен нан, ірімшік болады. Ал екінші потокта ыстық тамақ. Котлет сиыр етінен және макарон, шай, жемістерін бердік, салатымен.
Бүгінде тамақтың көбінде қоспалар бар. Құс өсіретін кей кәсіпорындар балапанды ерте жетілдіру үшін түрлі минералдарды қолданады. Мал шаруашылығымен айналысатындар да осы тәсілге көшкен. Сондықтан ет өнімдері бұл тізімнен сызылмақ.
Дастан Шақанов, медицина ғылымдарының кандидаты:
-Ет өнімдері котлет, сосиска, колбаса өнімдеріне біз қарсымыз. Балалардың ақуыздары жеткілікті болсын деп. Көмірсу, калория жеткілікті болсын деп. Оның бәрін санау керек. Дайын бізде, біз ол жобаны оқу-ағарту министрлігімен бірге жасап жатырмыз. Оның барлығы ақшамен шектеулі. Мысалы, 2017 жылы Қазақ тағам тану академиясыны 2500 теңгеге жасап берген мектептегі бір тамақтануды қолдамады.
Денсаулық сақтау министрлігіне де осы сауалмен шығып көрдік. Олар барлығын бірдей тексеріп, талап қоя алмайтындарын жеткізді.
Гүлшарат Қожатова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы:
-Мектептердің көбінде, асханаларда шағын және орта бизнеспен айналысатын адамдар жұмыс жасайды. Сондықтан мораторийдің талабына сай тексерілмейді. 2022 жылғы тексеріс бойынша 15% тағамның құндылығы бойынша сәйкес келмеген. 6% микрологиялық көрсеткіш бойынша талапқа сәйкес келмеді.
Мына тағамда күні бойына күш-қуат беретін 2 мыңға жуық каллория бар. Десе де қарын тойдыратын тамақтың бәрі пайдалы емес. Ең алдымен оның сіңімді әрі құнарлы болғаны маңызды.
Авторлары: Диана Қадыр, Аманжол Байғазин