СҚО-да былтыр екі ел азаматтығын алған 158 адам анықталды
Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, олардың дені Қазақстан мен Ресейде тіркелген. Қос елдің төлқұжатымен өмір сүрген тұрғындардың ісі сотқа жіберілді. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, 123 адам ұсталғанға дейін екі жақтан да зейнетақы алып келген. Бүгінгі таңда олардың 32-сі мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеді. Қалғандары сот шешімімен төлейді. Ал кейбіреуіне қатысты қатаң жаза қолданылды.
Жанат Сағынтай, облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:
-Сотпен 12 адамға қатысты республикадан шығарып жіберу туралы шешім шығарылды. Олар ҚР азаматтығынан айырылды. Осы баптың нормаларын бұзғаны үшін көбінесе 30-дан және 50 жас аралығындағы адамдар және зейнеткерлер жасындағы адамдар тартылады.