Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық азаймақ
Тұрмыстық зәбір көрсеткендерді жауапқа тарту үшін арыз-шағым болуы міндетті емес . Жәбірленуші қоңырау шалып, жағдайды жеткізсе болғаны. Бұл заңнамадағы жаңа өзгеріс. Бұған дейін отбасындағы кикілжіңге құқық қорғаушылар шағым түспесе, араласа алмайтын. Былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары 3 есе өскен. Биылдың өзінде отбасылық жанжалдардың соңы 18 кісі өлімімен аяқталған. Елімізде жыл сайын полицияға 100 мыңнан астам хабар түсіргенімен, жәбірленушілердің 60% шағымданудан бас тартқан. Сондықтан тұрмыстық жанжалдар тергелмей келген.
Ренат Зұлқайыров, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
- Қоғаммен бірлесіп, Ішкі істер министрлігі заңнамаға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жаңа тұғырнама әзірледі. Үкімет пен Парламент Мәжілісі бұл тәсілдерді қарап, мақұлдады. Полиция қызметкерлері - тұрмыстық зәбір көрсетушілерді жауапқа тарту үшін, жедел және сапалы тергеу жүргізге мүмкіндік алады. Оқиғаның себебін анықтап, қажет болғанда, әлеуметтік көмек береді.