Хабар телеарнасы

Әр баланың шотына жыл сайын 150 доллар аударылады

Келесі жылдан бастап балалардың жеке шотына жыл сайын 150 доллар аударылады. Қаражат Ұлттық қордың инвестициялық табысының тең жартысынан бөлінбек. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді. Айтуынша, жеткіншектер 18 жасқа толғанша, ақша Ұлттық қорда болады және қаржы құралдарына инвестицияланады. Осылайша 18 жыл ішінде әрбір баланың жеке шотында шамамен 3500 доллар жинақталады деп болжануда. Әзірге бұл қаржыны тек білім алу мен тұрғын үй сатып алуға жұмсауға рұқсат етіледі.

Дәурен Темірбеков, ҚР қаржы вице-министрі:
-Әр ата-ана өз баласының шотындағы ақшасын «Бірыңғай жинақтаушы зейнет қорының» ресми сайтында және де тағы да біз Әділет министрлігімен осы сұрақтарды пысықтайтын боламыз егов мобайл қосымшасы арқылы да көруге мүмкіндік жасайтын боламыз.