Хабар телеарнасы

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

Дала гүлі Отырар ауданы мен Арыс қаласының шекарасы маңындағы Сырдария өзенінің жағасында өсіп шыққан. Күннің жылынуы мен жер қабатының ылғалдылығы нәзік гүлдің бүр жаруына себеп болды. «Былтыр қаңтарда ерте гүлдеген еді. Биыл бір ай кеш шықты. Мұның өзі де өте қауіпті. Себебі, күн бірден суып кетсе, үсіп қалады», — дейді экобелсенді Ғани Назарбек. Дала гүлі Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағында да бүршік атты.