Жол саласында былық көп
Еліміздің Бас прокуратурасы Президент тапсырмасы бойынша жол құрылысына қатысты жасалған тексерістің қорытындысын жариялады. Прокурорлар 300-ден астам заң бұзушылықты анықтап, ел қазынасынан 30 миллиард теңгенің бей-берекет жұмсалуының алдын алған. Ал заңсыз жұмсалған 2 жарым миллиард теңге өндірілген. Бюджет қаржысын жымқыру деректері әр түрлі. Мәселен, Ақмола облысының Қоянды ауылында 900 миллион теңгеге көшелерге күрделі жөндеу жүргізуі тиіс мердігер, жұмысты мүлдем орындамаған. Ал Солтүстік Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 423 млн теңгені жымқырған Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің және мердігер мекеме басшылары қамауға алынды. Жалпы тексеріс нәтижесі бойынша 29 қылмыстық іс қозғалып, 300-ден астам адам жауапқа тартылды