Екібастұздағы тозығы жеткен ЖЭО кімнің есебінен жөнделеді?
Көпшілікті алаңдатқан басты сұраққа Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап берді. Оның айтуынша шығынның тең жартысын мемлекет көтеруі мүмкін.
Роман Скляр ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:
-Жылу энерго орталығы акцияларының 50% мемлекетке өткен жағдайда қаржының жартысын меншік иесі, жартысын мемлекет инвестициялайды. Тараптар әзірге бір мәмілеге келген жоқ. Аудит жұмысының нәтижесін күтейік. Мүмкін жылу электр орталығының иесі өз есебінен жөндейтін шығар. Алдын ала бірдеңе айтуға әлі ерте.