Түркиядағы зілзала: ерлік пен еңбек ескерусіз қалмайды
Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы зілзала зардаптарын жою, іздеу-құтқару шараларына ат салысқан қазақстандық құтқарушылар ерен еңбек үлгісін көрсетті. Отандық мамандар апат болған ең ірі үш провинцияда жұмыс жүргізген. Олар алғашқы күндері 24 сағат тынбай үйіндіні аршуға тырысқан. 10 күннің ішінде жалпы 7 адамды құтқарған. 80 адамның денесін шығарды. Олардың 10-ы бала. Қазақстандың құтқарушылар әсіресе кинологиялық әдістерімен ерекшеленген. Мәселен, тірі қалғандардың үшеуі иіс сезгіш иттердің көмегімен табылған.
Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі:
- 10 күндей жұмыс істеп, 17-сі күні жұмыстарымызды тоқтаттық. Іздеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана қайттық. Қазір құрылыс жұмыстары сондай өздерінің жергілікті әкімшіліктері ұйымдастырып жатқан жұмыстар. Ал арнайы іздеу-құтқару жұмыстары бәрі аяқталды.