«С5+1» форматындағы кездесу басталды
Өткен жылы Орталық Азиядағы аймақішілік сауда 25% артып, 8 миллиард долларға жеткен. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «5+1» форматындағы кездесуде айтылды. Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның сыртқы істер министрлері, сондай-ақ, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қатысып жатыр. Мұндай шаралар экономикалық әлеуетті арттыруға едәуір сеп болады. Осылай деген еліміздің Сыртқы істер министрі «5+1» елдерінің делегацияларын биыл 8-9- маусымда Астанада өтетін халықаралық форумға қатысуға шақырды.