Алматы жылу желілерінің басшылығына сот үкімі шықты
Оған сәйкес пара алғаны үшін кәсіпорынның үш лауазымды қызметкеріне қомақты көлемде айыппұл салынды. Пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» компаниясының директоры Разимбеков те айыппұл арқалайды. Жалпы істі болған төрт азамат 2 миллиард теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс. Естеріңізде болса, «Алматы жылу желілерінің» бас директоры қаңтарда тұтқындылған еді. Ол келісімшарт бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін «СпецКоммунСтрой» компаниясының директоры Разимбековтен 16 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда сотталған бас бостандығынан айырылады.
Нұрбол Құрманбай, Алматы қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға тергеушісі:
-Аталған қылмыстық іс бойынша соттың үкіміне сәйкес Алматы жылу жүйелері жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің лауазымды тұлғалары, атап айтқанда бас директоры Бисембинов, сонымен қатар, бас инженері Қазымбетов және басқарма бастығы Джингильбаев, айыпты болып танылып, оларға қатысты 560 миллион теңге айыппұл ретінде жаза тағайындалды. Спецкоммунстрой ЖШС директоры Разимбеков пара дерегі бойынша айыпты болып танылып, оған қатысты 460 миллион теңге көлемінде айыппұл ретінде жаза тағайындалды.