ЕЭО елдерінде еңбек мигранттарының саны 1 млн 647 мыңнан асты
95% Ресейде жұмыс істейді. Мұны Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері мәлімдеді. Ресейден Қазақстанға жұмыс істеу үшін келетіндер саны да 2 есеге артқан. 2021 жылы көрші елден 31 600 адам келсе, 2022 жылы олардың саны 63 мыңға жеткен.