Биыл Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл
Осыған орай Түркістанда «Көне мен келешек көпірі» атты халықаралық байқау ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр аймағынан 30-дан аса суретші мен фотограф қатысты. Байқауға түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның тарихы мен бүгінгі көрінісі бейнеленген туындылар қабылданды. Нәтижесінде, «Фотосурет» аталымы бойынша 1 орынды Шері Серікболсын иеленсе, «Қылқалам шеберлері» аталымында Темірбек Нұрмашов жеңімпаз деп танылды. Байқаудың мақсаты – Түркістанның тарихи маңызын арттырып, жастардың отанына деген сүйіспеншілігін ұлғайту.
Индира Икапова, Оқушылар сарайының директоры:
- Түркістанмен кесенені бөліп қарауға болмайды. Өйткені Түркістанды кесенесіз елестету өте қиын. Кесенені Түркістансыз елестету өте қиын. Сондықтан осы байқауды ұйымдастырып отырған себебіміз – жас суретшілерді, фотографтарды қолдау. Алда жоспарда бар бұл байқау енігі жылы жалғасын табады дейміз.