Хабар телеарнасы

ШҚО-да мемлекеттік сатып алу барысында біраз былықтың беті ашылды

Қысқаша айтқанда, оған қатысушылар жарты миллиард теңгеден артық пайда көрмек болған. Алайда жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қылмыстың жолын кесті. Мамандардың сөзінше, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорын 22 млн теңгенің тракторын 143 миллион теңгеге сатып алуды көздеген. Бұл техниканың нарықтағы бағасынан шамамен 4 есе қымбат. Жалпы жемқорлыққа қарсы департамент өткен жылы 425 миллион теңгенің үнемделуіне ықпал етті.