Елордада «Қарлығаш» атты жаңа туынды жарық көрді
Жас қаламгер қоғамның дертіне айналған жастар арасындағы өзекті мәселелерді жазыпты. Ата мен немере арасындағы диалог арқылы таза махаббат пен ұлттық құндылықтарды дәріптеген. Аталған шарада автор өз шығармаларынан үзінді оқып, қалың көрерменді терең ойға жетеледі. Екі жыл бұрын жазылған, Жәмилә Бақтиярқызының тырнақ алды туындысы әлемнің 6 тіліне аударылған.
Жәмилә Бақтиярқызы, кітап авторы:
-Бұл кітап маған аянмен келді. Жалпы 5 мың данасын шығардық. Сұраныс болып жатса, әрине, тағы да шығарамыз. Бастысы, халық оқып, керегін алса болды.
Қайрат Сақ, ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы:
-Тілі өте көркем. Кітап, ә дегеннен тартып, жетектеп отырады. Осының өзі қаламгерлік шеберлігін көрсетіп отыр. Болашағы зор, үлкен бір қаламгер келді деп айтсақ болады. Жалғасатыны күмән туғызбайды.