МӘМС сынның астында қалды
Медициналық сақтандыру енгізілгеніне бірнеше жыл өтсе де, әлі кедергі көп. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бүгінде дәрігер қабылдауға келген науқасты тексерудің орнына компьютерге телмірумен уақыт жоғалтады. Себебі электронды құжаттарды толтыруға көп уақыт кетеді. Депутат бұл жұмысты медбикелерге жүктеп, емханалардағы мамандар санын көбейту қажет дейді. Тағы бір олқылық, ақшасы төленген, бірақ көрсетілмеген медициналық қызметтер тым көбейіп кеткен. Мысалы, саланың 10% тексергеннің өзінде 52 мың медициналық қызметтің көрсетілмегені анықталыпты.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Қазір азаматтар ауруханаға барып, тексерістен тегін өтемін десе, онда бір ай немесе үш ай күту керек. Ал егер сол адамдар сол тексерістен ақылы түрде өтемін десе онда дәл сол уақытта6 әлде 3 минутта өтуіне болады. Осыны ескере отырып, ай сайынғы қаржыландырудан бас тарту керек. Көрсетілген қызметтер фактісі бойынша төленуі тиіс.