2030 жылға қарай 360 мың студентке жатақхана жетіспеуі мүмкін
Қазірдің өзінде 70 мың орын тапшы. Қолданыстағыларының көбі — 60 жылдық нысан. Апатты жағдайдағылар жыл сайын жабылады. Мамандар бұл мәселені шешу 7 жылға жоспарланғанын айтады. Әр жылы шамамен мың орындық 10 нысан салынады. Алайда Қазақстан Халық партиясының депутаттары жаңа тұрғын үйлерді студенттерге жалға беруді ұсынып отыр. Қазірдің өзінде қымбат болсада пәтер жалдап тұратындар көп. Сондықтан жаңа, жайлы үйлерге қолжетімді баға қою қажет дейді. Ал оның жартысы субсидияланады. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға тегін беріледі. Тіпті кәсіп ашқысы келетін білім алушылар нысанның алғашқы қабатын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Ислам Сұңқар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Жаңадан жатақхана салу қымбатқа соғады. Бір жатақхананы салу үшін 1,2,3 жыл кетеді. Ал біз тек қана ішкі, төсек орындар санитарлық нормаларды жасайтын болсақ дайын тұрған ғимаратқа салатын болса 2,3,4 есе тезірек болады.