Хабар телеарнасы

Ақтаудың әскери гарнизоны техникаларды жаз маусымына дайындап жатыр

Әскери айлақта 7 кеме мен картерлер тұр. Теңізшілер оларды тексеріп ақаулары болса сол жерде жөндейді. Ал теңіз жаяу әскери бригадасының жауынгерлері БТР-лар мен танктерді, жүк көліктері мен 300 зымыран-артиллериялық қаруды мұқият тексеріп шықты. Әскери техниканың жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету үшін дайындық жылына екі рет жүргіледі. Жаз айларында техника жоғары температурамен Маңғыстаудың шаңды дауылына төтеп беруі тиіс. Арнайы комиссия 10 әскери бөлімшені тексеруден өткізеді. 

Елдос Жарқынбек, теңіз бригадасының взвод командирі:
-Қазіргі таңда 50-ге жуық әскери техникаға қызмет көрсетілді. Алдағы уақытта мұндай іс-шараны толық өз уақытында бітіреміз деген сенімдемін.