Хабар телеарнасы

Елімізде заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясының нәтижесі шықты

2008 жылдан бері Қазақстан бойынша 56 мың атыс қаруы жиналыпты. Соның 13 мыңы соңғы 20 күнде тапсырылған. Одан бөлек 2 млн дана оқ-дәрі алынған. Азаматтарға сыйақы ретінде 1,9 млрд теңге төленіпті. Мамандардың бағалауынша осы шаралар арқылы қару қолданып жасалатын қылмыстар саны екі есеге азайған.