Жетісу облысында 16 ауылға ауызсу жүйесі тартылады
Қатарында Кербұлақ ауданындағы Ақтөбе ауылы да бар. Бұл мақсатқа қазынадан 325 млн теңге бөлініп отыр. Көктемнен бастап іске кіріскен мердігер мекеме көше бойына құбыр тартуды аяқтады. Енді қазылған ұңғыма мен су жиналатын нысанның ішін жасауға кіріскен. Құрылысшылар жұмысты шілденің соңына дейін аяқтамақ. Сол кезде ауыл халқы тіршілік нәрін тасып ішу машақатынан құтылады.
Әнуарбек Бұқарбаев, ауыл тұрғыны:
- 100 шақты, 10 шақты ірі қара байлайтынбыз. Ертеңге 9-дан бастайтынбыз, түскі 2-ге дейін су таситынбыз. Енді мына су кірсе жарты сағатта, бір сағатта суаруға болады. Шаруашылығымыз ары қарай дөңгелейді. Үйге су кірсе, ванна қоямыз. Туалет те іште болады. Цивизилация болады ғой.