Петропавлдағы ЖЭО-да жаңа түтін мұржасының құрылысы басталды
Өткен жылы Петропавлда құлаған мұржа сұраусыз қалмады. Мамандар екі тәулік бойы тоқтаусыз бетон құйып, іргетасын көтерген. Енді ол бір айға жуық уақыт қататын болады. Кейін маусым айының ортасында Өскемен қаласынан келген мердігер компания мұржаны сала бастайды. Қыркүйек айының соңына дейін бұл шаруа толық аяқталады деген жоспар бар. Естеріңізге сала кетейік, былтыр наурыз айында стратегиялық нысанда түтін мұржасы опырылып түскен болатын. Үйіндінің астында бір жұмысшы қалып мерт болды. Сол кезде қылмыстық іс қозғалған. Сот процессі әлі күнге дейін жалғасып жатыр.
Петр Богданов, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директорының орынбасары:
- Жаңа мұржаның биіктігі -180, ал диаметрі – 20 метрден асатын болады. Жоба құны шамамен – 4 млрд теңгені құрап отыр. Сәтін салса мұржаны күніне екі метрдей көтеріп отырамыз. Осылайша келер жылдың екінші тоқсанында ол іске қосылады. Кейін нөмірі екінші мұржаны бұзып, жаңалаймыз. Себебі ол да әбден ескірген.