Қазақстанда 2 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер 15-17 маусымға осындай болжам жасап отыр. Ауа температурасының бұлайша төмендеуі еліміздің солтүстігі мен шығысында күтіледі. Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай түседі және жел күшейеді. Күннің суытуы түнде қысқа мерзімді болады. Күндіз ауа температурасы 20-28-ден - 32 градусқа дейін жоғарылайды делінген хабарламада.