Жыл басынан бері Астанада 378 өрт фактісі тіркелген
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7% төмен көрсеткіш.
Алайда мамандар әлі де өрт қауіпі жоғары болып тұрғанын айтады. Оқыс оқиғалардың көбі, яғни 153 жағдай тұрғын-үй секторларында орын алған. Сондай-ақ көліктерге байланысты көрсеткіш те жоғары болып тұр. Соңғы 7 айда 128 көлік қызыл жалынға оранған. Олардың 98% электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Сондай-ақ жаңадан салынып жатқан нысандарда – 20, шаруашылық объектілер мен ашық аумақтар да 77 өрт шыққан.
Айта кетейік, қазір қалада 460 мыңға жуық көлік бар. Бұдан бөлек 90 мыңдайы шекаралас аумақтардан кіріп-шығады. Мамандар 10 және одан да көп жылғы көліктер өртке бейім келетінін айтады. Сондықтан көлік құралдарындағы өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.
Еркін Отарғалымұлы, қалалық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
- Темір тұлпарыңыздың өрт қауіпсіздігіне көз жеткізу керек. Механизмдеріне мән беріңіздер, электр желілеріне мән беріңіздер. Міндетті түрде өрт сөндіру құралдарымен жабдықтаңыздар.