Хабар телеарнасы

Елордалықтар Конституция күнін қалай тойлайды?

Конституция күніне орай елордада 70 астам іс-шара өтеді.

Мәселен, 30 тамызда елдегі кіл жүйріктер республикалық бәйгеде бақ сынасады. 100 шабандоз қатысатын жарыстың жүлде қоры – 20 млн теңге. Мерекеде қала тұрғындары ән-шашусыз да қалмайды. Көктал шағын ауданында, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы ашық алаң мен ЭКСПО-да қатар-қатар тегін концерт өтеді. Ал қаланың безендірілуі әлдеқашан аяқталған. 1100 ту жаңартылып, 300 құттықтау баннері мен билборды ілінді. 

Ақерке Жұманбаева, Астана қаласының Мәдениет басқармасының мәдениет және өнерді дамыту бөлімі басшысы:

- ЭКСПО көрмесі аумағында халықаралық заманауи музыка фестивалі өтеді. Шеберлік сабақтары, қолөнершілер жәрмеңесі және фудкорт ұйымдастырылады.