Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар нәтижесінде тұрғын ұй құрылысында көрсеткіш жоғары. Қазақстанда биылғы 8 ай ішінде 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13% көп. Ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 15 млн шаршы метрден асуы тиіс. Баспана салуда Ұлытау облысы мен Астана қаласы, сондай-ақ Абай облысы көш бастап келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы 6 жылда елімізде 111 млн шаршы метр тұрғын үй тұрғызылуы керек.