Ана мен бала өлімі азайып келеді
Елімізде ана мен бала өлімі азайып келеді. Бұл туралы Парламенттік комиссия отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Мәселен, биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша ана өлімі 11,4% төмендесе, 1 айға дейінгі сәбилердің шетінеуі 11,9% кеміген. 5 жасқа дейінгі балалардың өлімі де 2% дейін азайыпты. Ведомство басшысының мәліметінше, Қазақстанда жалпы түрлі аурулар мен жарақаттан болатын өлім-жітім едәуір қысқарған. Нәтижесінде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жастан асқан.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Басты министрліктің бағыты – ана мен бала денсаулығы. Үлкен бағдарламалар қабылданып, көптен салынбаған перинаталдық орталықтар салынып, мамандарды оқыту, мамандарды дайындау, әр түрлі жаңа скринингтер, емдердің түрлері, дәрі-дәрмектің түрлері енгізіліп жатыр.