Баянауылдан Қаныш Сәтбаевтың баспа машинасы табылды
Баянауыл ауданынан геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаев қолданған баспа машина табылды. Құнды жәдігерді профессордың жерлестері көздің қарашығындай сақтап келген. Тарихшылардың айтуынша, 1926 жылы академик туған жеріне барғанда сырқаттанып қалады. Сол кезде баянауылдық фельдшер-дәрігер Лионтий Бельдининовтің үйінде жатып, емделеді. Экспонатты фельдшердің ұрпақтары табыстаған. Машина жиырмасыншы ғасырдың басында Италияда жасалған деген мәлімет бар. Мамандардың айтуынша, бұл баспа машинасымен Қаныш Сәтбаевтің досы, жазушы Александр Черкашин бірнеше кітап жазған.
Мейрамғали Есмұханов, әдебиет және өнер музейінің қор сақтаушысы:
- Сол фельшердің үйінде емделген делінеді. Яғни ол кезде дәрі-дәрмекпен, қымызбен болса да солай. Сонда баспа машинкасын Қаныш Имантайұлы әкелген делінеді сол үйге ол үйге. Кейінен осы баспа машинкада Черкашиннің өзі үш кітап жазған, басқан.