Хабар телеарнасы

Ақмола облысының ауылдары интернетпен қамтылады

Ақмола облысының 300-ден астам ауылы 2027 жылға дейін жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі. Шалғай орналасқан елді мекендерге басымдық берілмек. Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен барған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Бүгінде облыс тұрғындарының тек 87% интернетпен қамтамасыз етілген. Министр «қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында бұл көрсеткішті 100% жеткізілетінін айтты. Сондай-ақ республикалық маңызға ие тас жолдардағы ұялы байланыс пен ғаламтор мәселесі шешілетінін жеткізді.