Қарашада Kaspi Жұма тиімді сатып алу мерекесі өтеді
Күз әлі де жылы күндерімен қуантып жатыр. Бірақ қазақстандықтар қазірдің өзінде қысқа дайындалып, маусымдық сатып алуды жоспарлауда. Көпшілік қарашаның 3, 4, 5-і күндері өтетін бүкілхалықтық сауда-саттық мерекесі Kaspi Жұманы асыға күтеді.
Kaspi Жұма Қазақстанда осымен тоғызыншы рет өтеді. Күзде қазақстандықтар дәстүрлі түрде қысқы дөңгелектерді, жылы киімдерді, үйге қажетті жылу құралдарын, қысқы спорт тауарларын сатып алады. Осы және басқа да сұранысқа ие тауарлардың барлығын еліміздегі танымал дүкендерден және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен үйге немесе Kaspi Postomat-қа тегін әрі ыңғайлы түрде жеткізу арқылы тиімді сатып алуға болады. Бүкіл Қазақстан аумағындағы компаниялар, әсіресе шағын орта бизнес өкілдері мерекеге алдын ала дайындалуда. Kaspi Жұма кезінде қазақстандық кәсіпкерлердің сауда көлемі бірнеше есеге өседі.
Жақсылық Каленов, Qaz Oryndyq брендінің негізін қалаушы:
-Нарықта 1,5-2 жылға таядық. Ал негізі осы өндірісті қолға алғаныма жарты жыл көлемінде болды. Нақтырақ айтсақ 6 ай көлемінде осы цехты, отандық өнімді қолға алып жатырмын. Күніне біз 120-дан 150-ге дейін штук орындық шығарамыз. Айына есептесек, 3000-3500 орындық. Тікелей бізге осы өндіріс ашуға септігін тигізген Kaspi. Бұл отандық өнімді бізден халыққа жетуге тікелей көпір деп айта аламын. Kaspi Жұмаға біз осымен 4-ші рет қатысуымыз. Әрине ол кезде біздің сатылымымыз 8-ден 10 есеге дейін өседі.
Думан Дәулетбек, Qazaq Sumka компаниясының негізін қалаушы:
-Қазақстандық компаниямыз. Осы Алматыда өзіміз чемодандарды цехта құраймыз. Kaspi компаниясымен серіктес болғалы 2,5 жыл болды. Негізі Kaspi.kz-пен жұмыс жасағалы бизнесіміз негізгі 50% артты. Kaspi Жұма кезінде 50-60% көбейеді, сатылым отандық өнім болғандықтан көп адам жақсы алады.
Жеткізу қызметтерінің де жұмысы көбейеді. Тапсырысты сатып алушының үйіне немесе жақын маңдағы Kaspi Postamat-қа жеткізеді. Олар бүкіл ел аумағына орнатылған және курьерді күтпестен, сатып алған затты ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.
Әлішер Нұрдәулет, Zammler компаниясының қызметкері:
-Қазақстан бойынша Zammler Қазақстан компаниясы 6 қалада ұсынылған. Алматы қаласында біздің 13 қабылдау пунктіміз және 2 хабымыз бар. Қазақстан бойынша 24-ке жуық филиалымыз бар. Kaspi Жұма уақытында қосымша қызметкерлер тарамыз. Себебі Kaspi Жұма кезінде тапсырыстар саны 2-3 есе артады. Kaspi Жұма серіктестеріміздің бизнесін дамытуға үлкен серпін береді.
Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатып алу мерекесі еліміздегі маңызды оқиғаға айналды. Біз өмірімізді жақсартатын заттарды тиімді сатып аламыз. Ал қазақстандық кәсіпкерлер сату көлемін арттырып, дамуда және жаңа жұмыс орындарын ашуда.