Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим ашылды
Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим бүгіннен бастап күшіне енді. Бұған дейін екі елдің үкіметтері визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге келген еді. Азаматтарымыз көрші елде бұдан былай 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Мұндай бастаманы тұрғындар құптап отыр. Өйткені, еліміздегі бірқатар бағыттардың дамуына серпін бермек. Мысалы, сауда-экономикалық байланыс, туризм, медицина және басқа да сала қарқын алады,-дейді алматылықтар. Айта кетейік, келер жылдан бастап аспанасты елінің үш қаласына қосымша әуе рейстері ашылмақ.
- Менің өзімнің естуім бойынша виза алу қиын болатын. Қазір мысалы визасыз режим ол көптеген мәселелерді шешеді. Көптеген жастарға мынау шағын және орта кәсіп деп жатырмыз ғой, соның көбеюіне дамуына өте көп үлесін қосады деп ойлаймын.
- Халқымыз жалпы шетелге шығып емделгенді алға қояды. Сол себепті мен ойлаймын, бұл емделуші тарапынан соларға көрсетіліп жатқан жеңілдік шығар деп есептеймін өзім.
- Кәсіпкер ретінде мүмкіндік өте қолжетімді болады. Кез келген уақытта мәселелерді шешіп, қосалқы бөлшектер туралы сол кезде осы визасыз режим өте қажет шаруа.
- Қытай мемлекеті мен біздің мемлекет арасындағы экономикамызды дамытсақ, яғни Қытайдағы сауда-саттықты бізге әкеліп сатсақ, ол бізде экономиканы дамытып көтереді.