Мақсат Қожабаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Мақсат Қожабаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдары мен квазимемлекеттік секторда еңбек ету құқығынан өмір бойына шеттетілді.
Сот отырысы Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. Айыпталушы өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде өзгенің мүлкін иемдену бойынша кінәлі деп танылды.
Самидин Теміралиев, қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
- Сот Қожабаевтың қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлары ретінде асырауында жас балалардың болуын. Ал ауырлататын мән-жайлар ретінде бұл қылмысты кәсіби антын бұза отырып жасағанын назарға алды. Ал Ғұламовтың қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлары ретінде кінәсін толық мойындайтындығын назарға алды.
Үкім заңды күшіне енсе сотталушылар жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Еске сала кетейін, Мақсат Қожабаевты биыл 9 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері жемқорлық жасады деген күдікпен ұстаған болатын.
Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов