Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы қамалды
Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев қамауға алынды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Күштібаев қазір Ескелді ауданындағы уақытша ұстау абақтысында отыр. Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың мәлімдеуінше, оған қатысты Қылмыстық Кодекстің қызметтік міндеттерін орындау кезінде зорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Атығай Арыстанов Жетісу облыстық ПД бастығы:
-Барлық мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындау мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді. Қылмыстық істі тергеу Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.