Хабар телеарнасы

Павлодар облысында мыс өндіру көлемі артып келеді

KAZ Minerals Bozshakol – өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компанияға айналды. Ашық кеніштен мыс, алтын, күміс, мырыш өндірілуде. Қазір ондағы қызметкерлердің саны– 1 мың 900 асады. Оның 358 кен орнында жұмыс істейді. Әріптесім Диана Қадыр Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық кенішіндегі жұмыс барысын біліп келді.  

Бозшакөл кешеніндегі карьердің көлемі ұлғаюда. Қазан айындағы көрсеткіш бойынша оның ұзындығы - 4 мың 400 метрге жеткен. Ал ені -1 мың 100 метр болса, тереңдігі - 190 метр.

Рүстем Төлебеков, KAZ Minerals Bozshakol ЖШС аға тау-кен инженері: 
- Негізгі метал ретінде мыс өндіріледі. Алтын, күміс және молибден өндіріледі. Жаңа самосвалдардың келуімен  өндіру жұмыстарының көлемі артуда. Осы жылдан бастап 6 үлкен самосвал. Колонкалық бұрғылау кезінде жалпы кеніштің сапасы 11% артқан болатын. Қазір кенішті оңтүстік бағытта кеңейтіп жатырмыз.

Мұнда 70 астам техника өндіріске тартылған. Соңғы рет 19 млн доллар болатын 6 үлкен жүк көлігі елге әкелінген. Мамандардың айтуынша, алып машина бір күн жүрмей қалса, келтірілетін шығын аз емес, шамамен 30 мың доллар.

Асқар Гайнула, KAZ Minerals Bozshakol ЖШС күрделі жөндеу бойынша үйлестіруші: 
- Сатып алатын болсақ, сатушының дильлері жинап әкеліп береді. Жинаған кезде үйреніп, оқын өтіп, содан кейін өзіміз бөлшектеп, қайта жинай аламыз. Дамып жатыр, техника үлкейіп жатыр. Жаңа технология енгізіліп жатыр. Қауіпсіздікке көп мән береміз.

Ал көлік жүргізушіге жүктелген міндет ауқымды. Техника басқару операторларға жүктелген. Олар тәулігіне 11 сағат жұмыс істейді.

Малик Инкижеков, KAZ Minerals Bozshakol ЖШС кенішінің директоры: 
- 2015 жылы компания жаңа технология сатып алды. Жүргізуші- операторлардың жұмысын бақылап, көзі ұйқыға кетіп жатса, бірден дыбыстық сигнал беріліп, орындығы қозғалады. Оларды оятады.

Компания үшін әрбір қызметкердің қауіпсіздігі – басты орында. Ал жауаптылар барлық қажетті шаралар қамтылғанын айтады.

Авторлары: Диана Қадыр, Айбын Құсанбеков