Атырау облысында жұмыссыздар саны артты
Атырау облысында әлеуметтік төлем алатындар саны екі есеге артты.
Мамандар мұны 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемақының 45% артқанымен және оны алу механизмінің оңтайландырылуымен байланыстырады. Жұмыссыз қалған азаматқа себеп-салдарына қарамастан, мемлекеттен қолдау қаражат қарастырылған. Атырау облысы бойынша 2022 жылы 9126 адамға 500 млн теңге төленсе, биыл 16 мың жұмыссызға 1 млрд 243 мың теңге әлеуметтік төлем тағайындалған.
2021-23 жылдары мұнай-газ өнеркәсібіндегі жобалардың аяқталуына байлынысты 30 мыңға тарта азамат жұмыстан қысқартылған.
Эльназ Сисенғалиева, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалының заңгері:
- Жалпы Атырау облысында көрсеткіштің өсуі, жұмыссыздар санының өсуі, жұмыс берушілер тарапынан қысқартуға ұшыраушылар көбейіп отыр. Мысалға айтатын болсам, «ТШО», «Қашаған» кен орындарынан жалпы мұнай газ саласындағы жобалардың аяқталуына байланысты жұмыссыздар саны көбейіп отыр. Сондықтан төлем алуға арызданушының саны да көп, сомасы да екі есеге артып отыр.