ХҚКО-да жыл басынан бері 45 мың заңбұзушылық анықталған
Жыл басынан бері мемлекеттік органдар мен ұйымдар азаматтарға 200 млн аса қызмет көрсеткен. Олардың сапасы жіті бақылауда. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мәлімдеді. Айтуынша, түрлі қызмет көрсетуге қатысты 45 мың құқықбұзушылық анықталған. Арнайы тексеріс нәтижесі бойынша жалпы бюджетке 22 млн теңге өндірілген. Олардың басым бөлігі жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласы. Өтініштердің 98% электронды нұсқада түседі. Алдағы уақытта азамат мемлекеттік ұйымдардан мардымды жауап ала алмаса, 1414 нөміріне өз шағымдарын айта алады.
Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:
- Мелекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзу фактілері көш бастап тұр. Артық құжаттарды талап ету құқықбұзушылықтардың 30% құрайды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтардың 19% құрайды. Негізсіз бастарту және құжаттамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету – 2%. Аталған бұзушылықтардың артында азаматтардың жеке өтінімі, мәселесі, өмірлік жағдайы тұр.