Петропавлда 14 курсант қызылша жұқтырды
Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери академиясының командирі мен 14 курсант қызылша жұқтырды. Қазір науқастардың барлығы ем қабылдап жатыр. Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында инфекция жұқтырған 49 адам тіркелген. Қазір аймақта балалар мен медицина қызметкерлерін жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр. Желтоқсан айында облысқа қосымша 30 мың доза вакцина жеткізіледі. Ол үшін 93 миллион теңге бөлінген.
Әсет Жұматаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
-Бұл екпеге бағынатын инфекциялардың бірі. Сондықтан да негізінен мұндай инфекциялар болған кезде карантинге мекемелер жабылмайды. Еліміздің басқа қалаларынан да келіп балалар оқиды. Содан бір жағдай әскери институттың курсанттары ішінде тіркелген болатын. Сонымен жанасқандар арасында қосымша 14 жағдай тіркелді. Әлі де күдіктілер бар.