Аграрлық саладағы шаруа қожалықтарын ірілендіруге не кедергі?
Қазіргі ахуал сол – ұсақ шаруашылықтардың 3% ғана мемлекеттен қолдау көріп отыр. Субсидияның сүбелісі ірі фермерлерге ғана бұйырады. Бұл мәселенің шешімі – кооперацияны көбейту және дамыту. Сенаттың аграрлық мәселелер комитеті салалық министрлікпен бірге осы түйткілдерді талқылады.
Айтуларынша 300 мыңға жуық ұсақ шаруа қожалығы болса, кооперативтер саны 1 мыңға да жетпейді екен. «Мемлекет қолдау ретінде беретін мол ақшаға қол жеткізу үшін заңнамадағы кем-кетік тұстарды түзеп, шаруашылықтарды біріктіру керек»,- дейді сенаторлар.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Ол былайша айтқанда күштеп, әкімшіліктердің арқасында, солардың айтуымен, тізеге басуымен жасалатын тірлік емес. Оны заң жүзінде сол шаруаларды соған өздері келетіндей қылып жасауымыз керек. Ол – біріншіден, екіншіден, қазіргі біздегі бар ресурстар, қаржылық, мемлекеттен бөлініп жатқан қаржылай қолдауы, субсидиясы бар, басқасы бар. Техниксы алу мәселесін, барлығын осы кооперацияға қарай кішкене бұру керек.