Тараздық полицейлерге 25 отандық электромобильдің кілті табыс етілді
Тараздық полицейлерге 25 отандық электромобильдің кілті табыс етілді. Автокөліктер полиция қызметіне қажетті радиостанция, дыбыс күшейткіш қондырғысы және планшетпен жабдықталған. GPS жүйесі арқылы қаладағы көлік қозғалысы орталықтан бақыланады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бензинмен жүретін көліктің жылдық шығыны миллион теңге болса, жаңа техниканікі 600 мың теңге. Қуаты 400 шақырымға жетеді. Автокөліктер облыс орталығын патрульдеуге жұмылдырылады. Сондықтан шаһарда көліктерді қуаттайтын 15 арнайы станция да іске қосылады.
Бауыржан Үдергенов, облыстық ПД бастығының орынбасары:
-Кәдімгі автокөліктерге қарағанда 2,5 есе үнемді. Біз оны санап көрдік. Жаңағы бензинмен жүретін көліктермен және электромобильдердің содержаниесіне тиімді болып саналып жатыр және қазіргі заманға сай автокөліктер.