Елордалық әскери бөлімнің жауынгерлері челлендж өткізді
«Тәні саудың – жаны сау». Елордалық әскери бөлімнің жауынгерлері осындай атаумен челлендж өткізді. Сап болып жүгірушілер арасында шаңғы теуіп жүргендері де бар. Шараға барлығы 500 жуық әскери қатысты.
Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:
- Әскери бөлімшелерде мұндай жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ол әдетте 3 шақырымнан басталып, кейде 4-5, 6 шақырымға дейін созылуы мүмкін.
Арнайы шара болған соң үйреншікті қашықтық бірнеше есеге ұзартылыпты. Бұл бір жағынан қатысушылардың төзімділігін сынау. Олардың бәрі арнайы мақсаттағы бригада жауынгерлері. Ондай қызметтегі азаматтар кез келген сыннақа дайын болуы керек. Сондықтанда болар әскерилер шеру кезінде асынған қаруын, қорғаныс сауыты, өзге де жабдықтарын тастаған жоқ. Оның бәрін қоса есептеген 20 келі салмақ. Сол жүкпен ұзақ қашықтықты бағындырулары керек.
Абай Әлібеков, 68665 әскери бөлімінің подполковнигі:
- Ерекшелігі – 2024 жылғы ұлу жылына арналып, 24 шақырымға шеру болайын деп тұр. 500 адам қатысып жатыр. Сарбаздар, офицерлер бәрі бар.
Әскерилер жүгіруді Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев және Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орайластырып өткізді.
Шара әскери бөлім аумағында өтті. Қатысушылар шамамен 2 сағатта белгіленген 24 шақырымды бағындырды.
Айта кетейік мұндай жүгіру челленджін желтоқсан айында Ақтау горнизонтындағы теңіз жаяу әскері бастаған болатын.
Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:
- Астаналық бөлімше солардан қабылдап алды. Ал ендігі кезек тараздық әскерилерде.
Ердәулет Ыбырайұлы, Әлібек Әлиев