Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы қамалды
46 кенші қаза тапқан Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып, қамауға алынды. «Тергеу аяқталуға жақын»,— деп Бас Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін ведмствоның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Былтыр арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істі тергеуді аяқтап, сол кезден азаптауды тергеу арнайы прокурорларға жүктелген. Мәселен, өткен жылы психикалық және физикалық зиян келтіргені үшін күштік ведомстволардың 69 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылған. Жыл соңына дейін 21 лауазымды тұлға сотталды.