Хабар телеарнасы

Соңғы жылдары орман өрті жаһандық апатқа айналды

Қазір мамандар жер жаһанның экологиясына келген залалды есептеп шығу мүмкін болмай қалғанын айтады. Жыл сайын орман өрттерінен 1 млрд 800 млн тоннадан аса көмір қышқыл газы ауаға бөлінеді. Бүгінде АҚШ-тың Миссисипи штатында орман өртеніп жатыр. Желдің екпіні қатты. Сондықтан 550 гектар аумақты от шарпыған. Австралияда қызыл жалын елді мекендерге таяп қалғандықтан 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. 6 үй күлге айналып, жүзге жуық мал қырылған.