Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты уақытша жабылды
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының мәліметінше, нысанда жоспарлы жөндеу жұмыстары басталған. Дегенмен ішкі нарыққа өнім жөнелту үшін жеткілікті қоры жинақталыпты. «Сондай-ақ Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары да жұмыс істеп тұр», – дейді жауапты мекеме. Айта кетейін, Шымкент мұнай өңдеу зауыты елдегі жанар-жағармайдың үштен бірін өндіріп отыр. Өндіріс ошағына былтыр да жөндеу жүргізілген болатын.