Ақмола облысындағы екі ауданды су басу қаупі бар
Ақмола облысындағы Есіл және Атбасар ауданынын су басу қаупі бар. Оған – Жабай мен Қызылсу өзендерінің көтерілуі себеп.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, қос ауданнан 500-ден астам адам көшірілген. Жергілікті құтқарушылардан бөлек, Жамбыл, Шымкент және Астанадан мамандар тартылып, негізгі күш осы аудандарға жұмылдырылған.
Жарқайың, Шортанды аудандарындағы жағдай да күрделі. Құзырлы орган өкілдері қауіпті учаскелерді тәулік бойы күзетіп, бақылауға алған.
Асхат Ақылжанов, ТЖД бастығының орынбасары:
- Қазіргі уақытта облыс бойынша 2 млн текше метр су сорылды. 140 мың қап инертті материалдар төселді. 32 мың шақырым жаңа бөгет салынып, ескілері нығайтылды. Қазір облыстың солтүстік-батыс және батыс аймақтарындағы өзендер қауіп төндіріп отыр. Сондықтан осы аудандарды бақылауымызға алдық.