Қайрат Сатыбалдыұлының ісі: мемлекетке тағы ₸50 млрд қайтарылмақ
Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша мемлекетке 50 млрд теңге қайтару жоспарлануда. Бұл туралы бүгінгі сот отырысында белгілі болды. Атап айтқанда, сотталушының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін, мемлекет пайдасына қайтару мәселесі қаралды. Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы бұған дейін өз кінәсін толық мойындаған еді. Нәтижесінде, мемлекетке 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақша қайтарылған.