Атырау қаласының археологтары көне кесененің бөлігін тапты
«Мұндай жәдігер бұған дейінгі зерттеулерде кездеспеген», — дейді ғалымдар. Күйдірілген кірпіштен берік әрі сәнді қаланған кесененің күмбезі қираған. Алайда қабірге кіріп-шығатын жабық дәліз сол қалпында сақталыпты. Оның ұзындығы — 170, биіктігі — 60 сантиметр. Сондай-ақ дәліздің оңтүстік бөлігінен шаруашылық бөлме де анықталды. Қазба кезінде қыш құмыралар мен сәндік бұйымдар, мыс тиындар табылған.
Амангелді Заинов, археолог:
-Әдетте мұндай кесенелерге бірнеше адам жерленеді. Бұл Сарайшық, қазақ тарихындағы белгілі тұлғалар болуы мүмкін. Бұл кесененің ерекшелігі толық сақталуында жатыр. Алдын ала болжам бойынша мұндай кесенелер XVI - XVII ғасырда тұрғызылған.