Алатау баурайында сел қаупі әлі де сақталып отыр
Алатау баурайында сел қаупі әлі де сақталып отыр. 30 мыңнан астам адам тұратын Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елді мекендеріне қауіп төніп тұр. Сондықтан Төтенше жағдайлар министрлігі өзен алабындағы мұздық пен көлдердің сел және гидрометеорологиялық жағдайын бақылауда. Ал Іле-Алатауы мемлекеттік табиғи паркінің Түрген шатқалына қарайғы бақылап-өткізу бекеті уақытша жабылды.