Павлодарда рұқсатсыз салынған 8 құрылыс нысаны бұзылатын болды
Сәулет және қала құрылысы бөлімі жүргізген мониторинг жер заңнамасының өрескел бұзылғанын анықтады.
Соңғы кезде жеке тұрғын үй немесе коттедж салуға жер алып, оны кәсіпкерлерлік мақсатта пайдаланатындар саны артқан. Олардың қолында ешбір рұқсат құжат жоқ. Мәселен, «Восточный» шағынауданында дүкенге жапсарлас салынып жатқан қосалқы ғимараттың құрылысы тоқтады. Заңсыз құрылыстың иесіне оны өз қаражаты есебінен бұзуға тура келеді.
Тимур Сейтқалиев, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы:
- Павлодар қаласының аумағында заңсыз салынған бірнеше кәсіпкерлік нысан анықталды. Біз тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, қажетті ақпаратты жинап, сот органдарына талап-арыз береміз. Өз бетінше салынды деп танылған құрылыс нысандары бұзылады.